386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ніл өзені айдынында велосипедпен серуендеу қызметі ашылды

  • 103
  • UPD: 10:05, 03.08.2019

Египетте Нілдің үстімен велосипедпен жүзіп серуендеу түрі пайда болды. Қызықты сауық қызметін Каирге Мааб Ахмед есімді әйел Италиядан үйреніп, алып келген.

Оған жолдастарының кәсіппен айналысуы түрткі болған. Содан Мааб өзіне ұнайтын осы жобаны қолға алуды шешкен. Ал Нілдің үстімен жарты сағат серуендеу құны небәрі 4 доллар. Қажет болса адамдар шағын салға өз шайтан арбасын орнықтырып та жүзе алады. Кәсіпкер әйелдің Нілде велосипедпен серуендеу кемелердің жүзуі сынды әдеткі іске айналып, келешекте Тур-де-Нил жарысы ұйымдастырылса деген арманы бар.

Хабар 24 телеарнасы