386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезиядағы жер сілкінісі: 1 адам қаза тапты

  • 131
  • UPD: 10:09, 03.08.2019
Индонезиядағы жер сілкінісі: 1 адам қаза тапты

Индонезияның батыс бөлігінде болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тапты.

Табиғи апаттан 4 адам жараланған. Бұл туралы Индонезияның стихиялық апаттарға қарсы күрес агенттігі хабарлайды.

Елдегі Бантен аралының жағалауында болған жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы жарияланды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Индонезияда күші 7,4 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.

StraitsTimes

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы