386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорниядағы жағажайда жардың бөлігі опырылып түсті

  • 122
  • UPD: 11:29, 03.08.2019

АҚШ-тың Калифорния штатындағы жағажайда жар опырылып, 1  адам қаза тапты. 

Тағы бірнеше адам зардап шеккен. Оқыс оқиғадан жарақат алғандардың бәріне шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді. Қазір жазатайым оқиға болған аумақ жабылды. Оқиға орнында құтқару-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі адамдар құм астында қалып қойған болуы мүмкін. Сонымен қатар мамандар опырылған жарға да тексеріс жүргізуде. Олар жардың алдағы уақытта жағажай қонақтарына қаншалықты қауіп төндіруі мүмкін екендігін анықтамақ.

Хабар 24 телеарнасы