386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Қытай тауарына салынатын баж салығын тағы қымбаттатуы мүмкін

  • 195
  • UPD: 11:38, 03.08.2019
АҚШ Қытай тауарына салынатын баж салығын тағы қымбаттатуы мүмкін

АҚШ қыркүйектен бастап Қытайдан импортталатын тауарларға баж салығын тағы 10 пайызға өсіруі мүмкін.

Президент Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған Бейжіңнің америкалық ауылшаруашылық тауарларын сатып алу көлемін ұлғайтамын деген уәдесінде тұрмауы себеп. Еске сала кетейік, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өткен жылдан бері жалғасып келеді. Президент Трамп Бейжің Америкамен әділетсіз сауда жүргізіп отыр деп кей қытайлық өнімдерге баж салығын 25 процентке дейін көтерген. Бейжің айыптарды жоққа шығарып, қарымта жауап қайтарумен келеді. Ал сарапшылардың пайымдауынша, екі ел арасындағы сауда соғысынан әлемдік экономиканың дамуы келер жылы 0,4 пайызға төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы