386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рикода атышулы губернатор отставкаға кетті

  • 133
  • UPD: 13:27, 03.08.2019
Пуэрто-Рикода атышулы губернатор отставкаға кетті

Пуэрто-Рикода ел губернаторы Рикардо Росельо отставкаға кетті. Енді оның міндетін Педро Уррутия атқарады.

Бұл туралы Росельо твиттердегі жеке парақшасында хабарлады. Айта кетсек, Рикарда Росселлоның отставкаға кетуіне аралдағы жаппай ереуіл себеп. Шеру 2 аптаға созылған болатын. Наразылық акциясына арал басшысының Telegram-дағы жабық чат арқылы өз кеңесшілерімен хат алмасуы түрткі болды. Онда Росельо жергілікті журналистер, саясаткерлер мен танымал қоғам қайраткерлеріне тіл тигізген. Кейін бұл хат алмасу тілшілердің қолына түсіп, Росельоның әрекеті әшкере болды.

Хабар 24 телеарнасы