386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда жер сілкінді, адам шығыны бар

  • 149
Индонезияда жер сілкінді, адам шығыны бар

Индонезияның батысында жер сілкінді.

Зілзаланың қуаты 6,9 балға жеткен. Салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды. Зардап шеккендердің бәріне дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек, зілзаладан Бантен мен Батыс Ява провинцияларында жүзден аса ғимарат қирады. Осыған байланысты мыңдаған тұрғын Лампунг аймағына көшірілді. Айта кетейік, осыған дейін Еуропаның Жерорта теңізі сейсмикалық орталығы қызметкерлері зілзала ошағы елдің оңтүстік-батысында болатынын ескерткен еді.

Хабар 24 телеарнасы