386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдегі орман өртінің шығыны есептелді

  • 178
  • UPD: 17:41, 03.08.2019
Ресейдегі орман өртінің шығыны есептелді

Ресейдегі орман өртінің шығыны – 2,4 миллиард рубль.

Бұл туралы есеп палатасы қызметкерлері хабарлап отыр. Ведомствоның мәліметі бойынша жарты жыл ішінде ел аумағында 7 мыңнан аса орман өрті тіркелген. Мамандар мұндай жағдайға көбіне қаржыландырудың жеткіліксіз болуы, қажетті техниканың тапшылығы мен құрлықтық және әуе күзеті бөлімдерінің толықтай жарақтандырылмауы себеп дейді. Айта кетсек, соңғы тәулік ішінде Ресейде аумағы 2 мың гектардан асатын 22 орман өрті сөндірілді. Қызыл жалын Красноярск аймағы мен Иркутск облысында аса қауіп тудырып, төтенше жағдай жарияланған.

Хабар 24 телеарнасы