384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фиджиде медициналық тікұшақ апатқа ұшырады

  • 234
Фиджиде медициналық тікұшақ апатқа ұшырады

Фиджидің солтүстік-шығысындағы Вануа-Леву аралында медициналық тікұшақ құлады.

Құтқару-іздестіру жұмыстары кезінде мамандар әуе кемесі бортында болған бір азаматтың денесін тапқан. Алайда оның кім екені әзірге белгісіз. Жалпы тікұшақ кішкентай баланы Ламбас қаласындағы ауруханаға апара жатқан. Жолда байланыс үзіліп, әуе көлігі радардан жоғалып кеткен. Оның бортында науқас баланың анасы да болған. Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы