386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландиядағы маорилер өз аймақтарында құрылыс жүргізуге қарсы шеруге шықты

  • 131
  • UPD: 09:25, 04.08.2019
Жаңа Зеландиядағы маорилер өз аймақтарында құрылыс жүргізуге қарсы шеруге шықты

Жаңа Зеландияның байырғы халқы болып есептелетін маорилер шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті жұрт Солтүстік аралдағы қорықтық аймақта құрылыс жүргізуге қарсылық танытып отыр. Өз кезегінде, Fletcher Building компаниясы осы жерде 500-ге жуық тұрғын үй салуды жоспарлап отыр екен. Осыған байланысты маорилер патшасы аталған аймақтағы шерушілермен кездесіп, наразы жұрттың пікірін тыңдады. Енді ол өз тайпаластары мен бизнес өкілдері арасында дәнекерші болып, шиеленістің шешімін табуға тырыспақ.

Хабар 24 телеарнасы