386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Техастағы атыс: оқиғаның мән-жайы анықталды

  • 140
  • UPD: 13:02, 04.08.2019
Техастағы атыс: оқиғаның мән-жайы анықталды Комсомольская правда

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Эбботтың айтуынша, сауда орталығындағы атыс туралы ақпарат жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 10.39-да (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 21.39-да) түскен. Полицейлер оқиға орнына алты минуттан кейін келген. 11.06-да (Нұр-сұлтан уақытымен 22.06-да) күдікті ұсталды. Жалпы операция 21 минутқа созылды.

Ер адам тәртіп сақшыларына өзі берілген.

Бұған дейін Техастың батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығында атыс салдарынан 20 адам қаза тапқаны, 26 адам жарақат алып, ауыр жағдайда жатқаны мәлім болған. Қару ұстаған адам 21 жастағы Патрик Крузиос болып шықты. Полицейлер бір адамның ұсталғанын растады, дегенмен, мұның алдында атысты ашқан адамдардың бірнешеу екені хабарланған.

Сауда орталығында оқ атпас бұрын ер адам өзінің Twitter-дегі парақшасында наурыздың ортасында Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болған лаңкестік әрекетті қолдап, манифест жариялаған. Бұл қайғылы оқиға 50 адамның өмірін қиған, тағы 50-і зардап шеккен еді.

Атыс болған сауда орталығы Америка мен Мексика шекарасына жақын жерде орналасқан. Оған келетін адамдардың айтарлықтай бөлігі мексикалықтар, олар Эль-Пасоға тауар сатып алу үшін барады екен.

Атыс болған сауда орталығы Америка мен Мексика шекарасына жақын жерде орналасқан. Оған келетін адамдардың айтарлықтай бөлігі мексикалықтар, олар Эль-Пасоға тауар сатып алу үшін барады екен.

АҚШ президенті Дональд Трамп Техастағы оқиғаны «қорқақтық актісі» деп атап, оны айыптады. «Кінәсіз жандарды өлтірген адамдарды ақтайтын ешқандай себеп немесе ақтау жоқ», - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы