386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияның Нант қаласындағы шерулер тәртіпсіздіктермен аяқталды

  • 122
  • UPD: 14:18, 04.08.2019
Францияның Нант қаласындағы шерулер тәртіпсіздіктермен аяқталды

Францияның Нант қаласында бірер ай бұрын фестиваль кезінде қаза тапқан 24 жастағы Стив Канисоны еске алу шеруі тәртіпсіздіктермен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 полиция қызметкері жарақат алып, 42 адам қамауға алынды.

Шеруге жиналғандар дүкендер мен банктерді талқандап, қоқыс жәшіктеріне от қойды. Осыдан кейін полиция шерушілерге күш қолданды.

Еске сала кетейік, маусымның 21-і күні Луар өзенінің жағасында музыкалық кеш өтіп, полиция жиналғандарды күштеп тарқатқан еді. Салдарынан бірнеше адам суға құлап, Стив Канисоның денесі тек шілденің соңында ғана табылды. Тәртіп сақшыларының әрекеті халықтың наразылығын туғызып, Францияның көптеген қаласында шерулер өткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы