Гонконгте күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы кезекті шеру өтті
- 480
- UPD: 15:16, 04.08.2019

Бұл жолы шара арнайы әкімшілік аймақтың Ванкок ауданында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шерушілер Кросс-Харбор тунелін жауып, көшелерге бөгет тұрғызды. Салдарынан бейбіт акция тағы да полициямен қақтығысқа ұласты. Қанша адамның жапа шеккені әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, Гонконгте наразылық шерулері осыдан 2 ай бұрын жергілікті үкіметтің парламентке қылмыс жасаған күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасын ұсынған соң басталған болатын. Шерушілердің айтуынша, бұл демократияны шектейді. Сондықтан биліктен заң жобасынан толықтай бас тартуды талап етуде.