385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Техаста қырғын салған қаскүнемнің аты-жөні анықталды

  • 163
  • UPD: 12:07, 06.08.2019

АҚШ-тың Мексикаға шекаралас жатқан Эль-Пасо қаласындағы «Уолмарт» сауда орталығында болған атыстан 20 адам қаза тапқан еді.

Олардың арасында екі бала бар. Тағы 26 тұрғын жарақат алды. Шабуылды жасаған қасүнем қолға түскен. Ол 21 жастағы Патрик Крузиус есімді жігіт болып шықты. Кей мәліметке қарағанда, оның көмекшілері болған. Алайда полиция бұла ақпарды растаған жоқ. Сондай-ақ бұл қаскүнемнің жақында әлеуметтік желіде биыл Жаңа Зеландиядағы мешітке жасалған шабуылды қолдап мәлімдеме жасағаны анықталған. Қазір тергеу жалғасуда.

Айта кету керек, Эль-Пасодағы оқиға кезінде сауда орталығында 3 мыңға жуық адам болған.

Хабар 24 телеарнасы