386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Огайо штатында тулар төмен түсіріледі

  • 139
  • UPD: 20:31, 04.08.2019
Огайо штатында тулар төмен түсіріледі

АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтонде болған қайғылы оқиғаға байланысты тулар жартылай төмен түсіріледі.

Бұл туралы штат губернаторы Майк Деуайн бұйрық шығарды.

«Бүгін таңертең қаза тапқандарды еске алу мақсатында Огайо штатындағы туларды түсіру туралы бұйрық бердім» деп жазды губернатор твиттерде.

Еске сала кетсек, Огайо штатындағы Дейтон қаласында белгісіз біреу тасада тұрып, 9 адамды атып өлтірді. Тағы 26 адам жараланды.

Оқиға орнына жеткен полиция қаскүнемнің көзін жойды. Сонымен Дейтондегі оқиға салдарынан 10 адам қайтыс болған саналады.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы