386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда лай көшкіні кезінде жоғалғандар әлі іздестіріліп жатыр

  • 106
  • UPD: 07:27, 05.08.2019
Қытайда лай көшкіні кезінде жоғалғандар әлі іздестіріліп жатыр gismeteo.ua

Қытайдың Ганьло уезінде бірнеше күн бұрын лай көшкіні кезінде жоғалып кеткен 12 адам әлі табылған жоқ.

Құтқарушылар таудағы жолды аршып, негізгі апат аймағына жеткен. Алайда жауын қайта басталып, мамандар құтқару жұмыстарын уақытша тоқтатты. Құтқарушылар осы ауданнан кете салысымен Лэшань қаласына жақын ауылдың бірінде лай көшкіні 7 үйді басып қалған. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Айта кетейік, шілденің соңғы күндері Сычуань провинциясында нөсер жауыннан бірнеше елді мекенде лай көшкіні жүрген. Бірақ құтқарушылар кей апат аймағына әлі жете алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы