386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде жолаушылар толы үш қайық апатқа ұшырады

  • 108
  • UPD: 07:32, 05.08.2019
Филиппинде жолаушылар толы үш қайық апатқа ұшырады pikabu.ru

Филиппиннің Илоило қаласының маңында үш бірдей моторлы қайық аударылып, 31 адам қаза тапты.

50-ден астам жолаушы құтқарылды. Тағы 3 адам іздестіріліп жатыр. Мәліметке қарағанда қайықтардың апатқа ұшырауына қатты жел себеп болған. Ал төтенше жағдай кезінде су көліктерінде 90-ға жуық жолаушы отырған. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы