386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Француз өнертапқышы флайбордпен Ла-Маншты кесіп өтті

  • 135
Француз өнертапқышы флайбордпен Ла-Маншты кесіп өтті RFI

Француз өнертапқышы Фрэнки Запата әлемде алғаш болып реактивті қозғалтқышпен жабдықталған ұшу құралымен Ла-Манш бұғазын кесіп өтті.

40 жастағы спортшы 35 шақырымдық айдынды небәрі 20 минутта ұшып өткен. Бірақ орта жолда аппаратқа жанармай құю үшін қайыққа бір рет қонды. Айта кетейік, Запата шілденің 25-сі күні де Ла-Манш бұғазын кесіп өтуге талпынған болатын. Алайда орта жолда теңізге құлап түскен еді. Аппарат сағатына 150 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Тіпті Франция Қорғаныс министрлігі осы құралды әскери мақсатта қолдануды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы