386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Огайода атыс шығарған жігіттің қарындасы да қаза тапқан

  • 118
Огайода атыс шығарған жігіттің қарындасы да қаза тапқан foxnews.com

АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында жаппай атыс ұйымдастырған ер адамның қарындасы да құрбандардың арасында болған.

Бұл туралы жергілікті полиция өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Fox News жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Полиция оқ атқан адамның кім екенін анықтады, ол Беллбрук қаласының 24 жастағы тұрғыны Коннор Беттс болып шықты. Қайтыс болған адамдардың арасында оның қарындасы да болды, ол – 22 жастағы Меган Беттс. Бойжеткен ол кезде досымен болған, ол шабуыл салдарынан жарақат алды. 

Еске салсақ, 4 тамызда АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында Ned Peppers барының жанында ер адам атыс шығарды. Кейін оны мекемеге кіргізбей қойғандықтан ол атыс шығарғаны белгілі болды. Салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 16 адам жараланды. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы туралы ақпарат әзірге жоқ.

Хабар 24 телеарнасы