386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Парсы шығанағында тағы бір танкерді ұстады

  • 142
Иран Парсы шығанағында тағы бір танкерді ұстады

Иран Парсы шығанағындағы Фарси аралының маңында шет мемлекетке тиесілі тағы бір танкерді ұстады.

Болжам бойынша, мұнай тиелген кеме 700 мың литр қара алтынды контрабандалық жолмен тасымалдаған екен. Әскерилер 7 экипаж мүшесін қамауға алды. Олардың барлығы өзге елдің азаматтары болып шықты. Ал жүк тәркіледі. Танкер қай елдің туымен жүзгені әзірге хабарланбайды. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталып кетті.

Айта кетейік, қара алтын бағасы әлем елдері бойынша Иранда ең арзан болғандықтан, көрші мемлекеттерге жиі заңсыз саудаланып отырады.

Хабар 24 телеарнасы