386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия әскері Сирияда арнайы операция өткізбек

  • 161
  • UPD: 17:22, 05.08.2019
Түркия әскері Сирияда арнайы операция өткізбек

Түркия әскері Сириядағы Евфрат өзенінің шығысында арнайы операция өткізеді.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Әзірге операцияның қай уақытта жүзеге асатыны белгісіз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ердоғанның айтуынша Анкара Сирия тарапынан келетін шабуылдарға көз жұмып, шаршаған. Бүгінде Евфраттың шығысы күрд жасақтарының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның қарулы күштері Сирияның Африн қаласында «Зәйтүн жапырағы» атты әскери операциясын жүргізген еді. Ол кезде Түркияның оңтүстік-шығысындағы шекарасына жақын аумақтарды күрд жасақтарынан тазалаған болатын.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Енді біз Евфраттың шығысына барамыз. Бұл шешімді Ресейге де, АҚШ-қа дай айттық. Шекарамен шектескен аудандарда қарулы шабуылдар болып жатқанда құр қарап отыра алмаймыз. Біздің елді нысан қылып алған, «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы», Күрдістан жұмысшы партиясы сияқты террорлық ұйымдармен күресті жалғастыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы