386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонгонг полициясы наразылық акциясына шыққан 82 радикал ереуілшіні ұстады

  • 89
  • UPD: 22:42, 05.08.2019
Гонгонг полициясы наразылық акциясына шыққан 82 радикал ереуілшіні ұстады

Олар ел арасына іріткі салып, заңсыз жиналыстар ұйымдастырған-мыс.

Араларында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандары бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, заңсыз қару сақтаған. Жалпы Гонконг полициясы ереуіл басталған екі ай ішінде 500-ден астам радикал белсендіні тұтқынға алған. Бұл туралы полиция баспасөз қызметінің өкілі Кун Винчэн хабарлады. Айта кетейік, бүгін Гонконгта тағы ереуілдер басталды. Салдарынан аймақта темір жол, метро мен әуе қатынасы тежелді. Кеңселер де жұмысын тоқтатты. Наразы халыққа қарсы тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы