386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан Джамму және Кашмир штатының арнайы мәртебесін алып тастады

  • 124
  • UPD: 12:34, 06.08.2019
Үндістан Джамму және Кашмир штатының арнайы мәртебесін алып тастады

Джамму және Кашмир штатының арнайы мәртебесін алып тастау туралы заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат бойынша Пәкістанмен арадағы даулы өңір одақтық аумаққа айналады. Яғни бұрынғыға қарағанда құқығы шектеле түспек. Бірақ Пәкістан тарапы Делидің бұл шешімін қолдамай отыр. Кашмир президенті Сардар Масуд Ханның мәлімдеуінше, бұл мәселе ушықса, Үндістан Пәкістанмен соғысуы да мүмкін. Үнді елі даулы аймақ саналатын Кашмирге қосымша 8 мыңға тарта сарбаз жұмылдырған. Ал өткен аптада елдің орталық бөлігінен 35 мың әскер жіберілген болатын.

Айта кетейік, Джамму және Кашмир штаты – мұсылмандар ең көп шоғырланған аймақ. Мұнда сепаратистер ерекше белсенді. Олар аймақтың тәуелсіздік алуы немесе оның Пәкістанға қосылуы үшін күресіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы