386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда кәуап пісіруден чемпионат өтіп жатыр

  • 118
  • UPD: 10:13, 06.08.2019

Кәуәп, стейк және отқа қақталған шұжықтар. Германияның Фульда қаласында барбекю бойынша ұлттық чемпионат басталды.

Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 50 шақты топ өзара бақ сынасып, мықтыны анықтады. Әділ қазылар алқасы тағамның дәмін, безендірілуін, қонаққа ұсынылу әдісін бағалайды. Ұйымдастырушылар айтуынша, чемпионатты көруге  мыңнан аса тұрғын жиналған.

Ральф Эренс, Мекленбургтан келген қатысушы:

- Біздің ұранымыз – топпен бірге мықты жұмыс көрсету. Көңіл көтергіміз келеді. Жеңіске жетпесек те шеберлігімізді көрсетіп, уақытты жақсы өткізуді көздеп отырмыз.

Нико Нойманн, әділ қазы:

- Егер ас дайындау кезінде қандай-да бір қателіктер жіберілсе, топтың ұпайы алынып тасталынады. Егер айтарлықтай дәмід болмаған жағдайда қорытынды ұпайға әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы