386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда тұрақтандыру қоры өнімдерінің бағасы базардағыдан қымбат сатылуда

  • 96
  • UPD: 10:13, 06.08.2019

Қымбатшылық бүйірден қысып барады. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері пияздың құны 90 процентке қымбаттаған. Сәбіздің бағасы 60 пайызға өсті. Басты себеп тұрақтандыру қорында аталған өнімдер таусылған. «Ал бағаның шарықтауы күн көрісті қиындатты» дейді қарапайым жұрт. 

Қала тұрғыны Тамара Лукина қажетті деген азық-түлігін ғана сатып алады. Өйткені зейнетақысын үнемдейді. Ал «бағаның шарықтауы әбден қалтаны қақты» дейді кейуана.

Тамара Лукина, қала тұрғыны:

- Сәбіздің бағасы 233 теңге. Қанттың да құны аспандап барады. Не айтуға болады? Ет өнімдері де арзан емес. Біз сияқты зейнеткерлерге әрине қиын.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында картоп 29, сәбіз 65, пияз 90 процентке дейін қымбаттады. Бұлардың барлығы бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімінде. Тіпті кейбір сауда орындарында тұрақтандыру қорының өнімдерінің құны нарықтағы бағадан біршама қымбат.

- Вот здесь гречка даже покачественнее. Цена 126 и сумма 128. Хотя через «Солтустик» 203.

Ия, «Солтүстік» деп тұрғаны ол тұрақтандыру қоры. Бірақ ондағылар нарықтағы бағаны реттей алмаймыз деп отыр. Онымен арнайы құрылған комиссия айналысады. 

Ғамали Жұмашов, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары:

- 2016 жылы үш жылға деп облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Енд ібиыл біз қаңтарда тағы да келісімшартты ұзарттық. Бұл қаржат ылғи айналымда жүреді. Бірақ соңғы кездері біз шығынға бата бастадық. Себебі көкөніспен тауарларды сақтау үшін, қаржы төлейміз. Оның үстіне көп тауар бір жылға жетпей бүлініп жатады. 

Бүгінде қорда 400 тоннаға жуық ғана өнім қалған. Сондықтан, сауда сөрелері еліміздің оңтүстігінен және шетелден келетін көкөніске самсап тұр. 

Мұрат Нұрқанов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі кезде сарымсақ, сәбіз бағасы қымбаттап жатыр. Оның себебі тұрақтандыру қорындағы сәбіздің, қырыққабаттың, пияздық қоры аяқталған. Сондықтан қазіргі кезде жоқ тұрақтандыру қорында. Алдағы күзде жаңа жылға сатып алынатын болады. Бұл өнімдер қазіргі кезде оңтүстік өңірден әкелініп жатыр. Логистикасы, жолы барлығы бар. Сонлықтан баға жаңа науқан болған соң қымбат болып тұр.

Бағаның шарықтауына жол бермес үшін, елімізде тұрақтандыру қорының жұмысына біраз өзгертулер енгізілді. Енді өңірлердегі қорлар бөлінген қаржыны кәсіпкерлерге несиеге бере алады. Ал, бұл ақшаға қажетті тауарлар сатып алынады. Алайда олардың қүнын арнайы комиссия мүшелері белгілейді. 

Руслан Асаубаев, арнайы монитроинг тобының мүшесі:

- Бүгінгі күні үлкен сауда орындарының, шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысы қызған шақ. Олар бұл саланы жіті меңгерген. Сондықтан осындай механизм іске асса баға саясаты реттеледі деп ойлаймын.

Әзірге бұл механизмнің қашан жүзеге асатыны белгісіз. Сондықтан қымбатшылық әлі де бүйірден қысатыны сөзсіз.

Авторлары: Самат қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы