386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Краснояр өлкесінде қоймадағы жарылыстар тыйылды

  • 132
  • UPD: 14:05, 06.08.2019
Краснояр өлкесінде қоймадағы жарылыстар тыйылды

Ачинсктегі әскери қоймада орын алған оқиғадан соң 1 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені анықталды.

Бұл туралы Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усс мәлімдеді. Оның айтуынша, жоғалған адам азаматтық тұлға. Жалпы қазір әскери бөлім аумағында жарылыстар тоқтады.  Алайда қауіп әлі де сақталып тұр. Сондықтан аймақта төтенше жағдай жарияланды. Саперлер оқиға кезінде жан-жаққа ұшқан жарылғыш заттарды іздеп тауып, залалсыздандырып жатыр.

Айта кетсек, таяуда артиллериялық оқдәрі сақталған қоймада жойқын жарылыс болды. Кей ақпарат көздерінің мәліметі бойынша,  калибрлері 125 және 152 миллиметр болатын 40 мыңнан аса снаряд жарылды. Қазір аймақта оқыс оқиғаның шығыны есептеліп жатыр. Оның нақты көлемі алдағы 3 күн ішінде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы