385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуіл кесірінен көлік қозғалысы тоқтап қалды

  • 119
Гонконгте ереуіл кесірінен көлік қозғалысы тоқтап қалды

Гонконгтегі жаппай ереуіл салдарынан қаладағы көлік қатынасы тұралап қалды.

Жергілікті әуежайда 200-ден астам рейс кейінге шегерілген. Бұған қоса, метро мен темір жол қатынасы да тежеліпті. Шаһардағы кеңселер де жұмысын тоқтатып, мыңдаған қызметкер жұмысқа шықпаған. Ал наразы халықты тарату үшін тәртіп сақшылары оларға көз жасаурататын газ бен күш қолданған. Айта кетсек, шаһардағы шерулер осымен 2 ай бойы жалғасып келеді. Оған экстрадициялау туралы заң жобасы түрткі болды. Шерушілердің айтуынша, бұл демократияға қайшы әрекет. Сондықтан биліктен заң жобасынан толықтай бас тартуды талап етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы