385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда әуе компаниясының қызметкері 200 келі есірткімен ұсталды

  • 130
  • UPD: 16:02, 06.08.2019
Австралияда әуе компаниясының қызметкері 200 келі есірткімен ұсталды

Австралия полициясы елге ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен әуе компаниясы қызметкерін тұтқындады.

Ол Мельбурн әуежайынан Сингапурге аттанбақ болған кезде қолға түсті. Қамауға алынған азамат Австралияға 200 келі амфетамин препараттарын жеткізбек болған. Шекара қызметкерлері оны АҚШ-тан келген контейнерлерді тексеру кезінде құрылғы ішінен тапты. Өз кезегінде жергілікті билік қолға түскен күдікті 22 жастағы Сидней тұрғыны екенін жариялады. Алайда оның қандай әуе компаниясында жұмыс істейтінін жауапсыз қалдырды. Айта кетейік, тәркіленген есірткінің жалпы құны 105 миллион доллардан асады.

Хабар 24 телеарнасы