386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


РФ Қорғаныс министрлігі: Жарылыстар тоқтатылды

  • 130
РФ Қорғаныс министрлігі: Жарылыстар тоқтатылды Vesti.Ru

Краснояр өлкесінің Ачинск ауданында орналасқан әскери қоймадағы өрт толығымен ауыздықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресей Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Басқарманың мәліметінше, төтенше жағдайдың орын алуына адами фактор себеп болуы мүмкін. Оқиға орнына техникалық топпен бірге жеткен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал Дмитрий Булгаков те осылай дейді. Айта кетсек, Ачинск ауданында жарылыс болып, салдарынан 25 мың оқ-дәрі сақталған екі қойма отқа оранған. Төтенше жағдайдан 12 адам зардап шекті. Тағы бір азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Елді мекендерден барлығы 9,5 мың тұрғын эвакуацияланды. Тағы 7 мың адам қауіпті аймақтан өз еріктерімен кеткен. Қазір аймақта оқыс оқиғаның шығыны есептеліп жатыр. Оның нақты көлемі алдағы 3 күн ішінде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы