386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египет президенті: Каирдегі автокөлік жарылысы – лаңкестік әрекет

  • 120
Египет президенті: Каирдегі автокөлік жарылысы – лаңкестік әрекет 24tv.ua

Каирде 20 адамның өмірін жалмаған жойқын жарылыс лаңкестік әрекет болған.

Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси осындай мәлімдеме жасады. Бұған дейін қайғылы оқиғаға жол апаты кезіндегі оттегі баллонының жарылуы себеп деген нұсқалар айтылған еді. Полиция қызметкерлері Ніл бойындағы жолмен келе жатқан көлік қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, бірден үш машинамен соқтығысқанын жеткізген. Президенттің айтуынша, апат туғызған автомобильге жарылғыш зат қойылған. Салдарынан 20 адам көз жұмып, 30 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы