384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джамму мен Кашмир штатының мәселесі шешілді

  • 353
Джамму мен Кашмир штатының мәселесі шешілді

Үндістан парламенті Джамму мен Кашмир штатының арнайы мәртебесін алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады.

Құжатты 366 депутат қолдаса, 66 шенеунік қарсы дауыс берген. 1950 жылдан бері Пәкістан мен Үндістанның қырғи-қабақ болуына себеп болған бұл жер Үндістандағы жалғыз мұсылман штаты болып есептелетін. Жеке автономия болғандықтан өз конституциясы мен заң шығарушы органы болған. Енді шекарадағы даулы жер одақтық аймаққа айналды. Үнді тарапы бұл қадамын терроризммен күресу үшін және өңірдің экономикалық ахуалын нығайту үшін жасағанын алға тартады. Ал Пәкістан билігі болса, өз наразылығын білдіруде. Айтуынша, бұл шешім екі ел арасындағы әскери қақтығысқа дейін әкелуі мүмкін. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазір Үндістан билігі аймақтағы тыныштықты қадағалау үшін Кашмирге 8 мың офицер жіберді.

Хабар 24 телеарнасы