384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SpaceX Африкадағы байланыс сапасын жақсартатын жерсерік ұшырды

  • 241
  • UPD: 17:58, 07.08.2019

SpaceX компаниясының зымыраны орбитаға жаңа жерсерік ұшырды.  Израильдік AMOS-17 телекоммуникациялық серігін Falcon 9 Канаверал мүйісінен алып шықты.

Ұшу үдерісі кесте бойынша, уақыты жүзеге асырылды. Жерден көтерілген соң 31 минут өткенде құрылғы қажетті жылдамдыққа жетті. Зымыранның алдыңғы бөлігі екінші рет қолданылып отырған соң компания оны кері қайтармады.

Айта кетейік, AMOS-17 серігі Африка үшін қызмет етеді. Енді бұл аймақта байланыс сапасы жақсарып, ақпарат бөлісудің жылдамдығы арта түсетін болады. Құрығы орбитада 20 жылға жуық уақыт болады.

Хабар 24 телеарнасы