386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия 24 мыңнан астам венесуэлалық балаға азаматтық береді

  • 115
  • UPD: 17:59, 07.08.2019
Колумбия 24 мыңнан астам венесуэлалық балаға азаматтық береді

Колумбия 24 мыңнан астам венесуэлалық балаға азаматтық береді. Яғни соңғы 4 жыл ішінде Колумбия жерінде дүниеге келген бүлдіршіндер ел азаматы атанады.

Бұл туралы ел президенті Иван Дуке мәлімдеді. Осылайша бұл балалардың негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шара болып отыр. Мемлекет басшысының айтуынша, Колумбияда бүгінде 1,5 миллионға жуық венесуэлалық өмір сүреді. Ал олардың басым бөлігі колумбиялықтармен отбасын құрып, бала өсіріп отыр екен. Айта кетсек, бұл азаматтар Венесуэладағы саяси және экономикалық дағдарыстан құтылу амалдарын іздеп, көрші елге қоныс аударған болатын.

Хабар 24 телеарнасы