386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


British Airways компаниясының жүйесіндегі ақаудан рейстер кешікті

  • 102
  • UPD: 23:42, 07.08.2019
British Airways компаниясының жүйесіндегі ақаудан рейстер кешікті

«Бритиш Эйруэйз» компаниясының тіркеу жүйесінде техникалық ақау пайда болып, Лондон әуежайларында ондаған рейс кейінге шегерілді.

90-нан астам ұшақ сапарға аттана алмай, 200-ден астамы кешігіп ұшқан. Компания жолаушылардан сапарға аттанбас бұрын өз рейсі туралы мәліметті нақтылауды сұрауда. Сондай-ақ, келеңсіз жағдайға тап болған адамдардың өз билеттерін өзге күндерге ауыстыра алатынын мәлімдеді. Еске сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айында да бірлестіктің ғаламдық компьютерлік жүйесінде ақау туындап, жүздеген ұшақ сапардан кешіккен.

Хабар 24 телеарнасы