386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Венесуэлаға жаңа санкция салды

  • 123
АҚШ Венесуэлаға жаңа санкция салды

Венесуэламен серіктестік орнатпақ болған кез келген компания АҚШ-тың санкция садағына ілігеді.

Ақ Үйдің қойған жаңа шектеуі осындай. Бұл мәліметті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон жеткізді. Оның айтуынша, енді өзге мемлекеттер Вашингтонмен, немесе Каракаспен ғана алыс-беріс орната алады. Сол себепті таңдау жасауды ұсынған АҚШ Венесуэла билігінің шотын бұғаттап тастаған. Және транзакция жасауға тыйым салды. Бұл шектеу енді Каракастың Ресей, Қытай және батыс компаниялармен қарым-қатынасын бұзуы мүмкін. Амалы таусылған Венесуэла БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериштен мәселеге араласуды өтінді. 

Джон Болтон, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі:

– Енді кез келген компания Венесуэламен серіктестік орнатпай тұрып ойланатын болады. Мадуроның заңсыз билігіне көмектесемін деп кәсіптеріне зиянын тигізіп алуы мүмкін. Халықаралық қауымдастық билікті бейбіт түрде Ұлттық Ассамблеяға беру үшін қысым көрсетуді жалғастыра береді.

Хабар 24 телеарнасы