422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде жантүршігерілк жол апаты болды

  • 990
  • UPD: 12:28, 08.08.2019
Ресейде жантүршігерілк жол апаты болды

Ресейдің оңтүстігінде орналасқан Новороссийск қаласы маңындағы тас жолда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты.

Салдарынан 3 адам қаза тапты. Оның біреуі – бала. Тағы 42 азамат зардап шеккен. Жарақат алған 31 жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бесеуінің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Белгілі болғандай, көліктер бетпе-бет соқтығысып, кейін жардан құлаған. Оқыс оқиғаға байланысты қазір тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, жол-көлік апатының жай-жапсарын анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы