385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда С. Жээнбековтың қатысуымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті

  • 96
  • UPD: 13:40, 08.08.2019

Қырғызстанда ел президенті Сооронбай Жээнбековтың қатысуымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Жиында 7 тамыз күнгі оқиғаға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қарастырылды. Отырыста Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың қарулы қарсылық көрсету арқылы Қырғыз елінің конституциясы мен заңдарын аяққа таптағанын атап өтті. Сонымен қатар елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды атқару керектігін жеткізді. Отырыс БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтті. Өз кезегінде осы мәселеге қатысты Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі де пікір білдірді.

Феликс Кулов, Қырғызстан республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы:

– Егер Алмазбек Атамбаев куәгер ретінде қаралғанда, тиісті шараны арнайы жасақ емес, полиция өткізуі керек еді. Жалпы заңға сәйкес, кешкі уақытта адамды күштеп алып кетуге болмайды. Ал егер бұрынғы президентті айыпталушы ретінде қарастырған жағдайда, алдымен оған айып тағып, сосын ұстау керек еді.

Айта кетейік, 7 тамыз күні кешкісін Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция бастаған болатын. Салдарынан 1 адам мерт болып, 50-ге жуық азамат жарақат алды. Бірақ бұрынғы президент тұтқындалған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел парламенті бұрынғы мемлекет басшысына бірнеше айып таққан болатын. Егер олар дәлелденсе, Атамбаев өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы