Перу полициясы қолдан ақша жасаушыларға қарсы арнайы операция барысында жалған 20 миллион доллар тәркіледі.
Тәртіп сақшылары оны жалған ақша тасымалымен айналысқан көліктен тапқан. Бұл шараны жергілікті полицейлер америкалық әріптестерімен бірігіп жүзеге асырды. Арнайы операция кезінде 4 адам ұсталған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы Перу құқық қорғаушылары осы уақытқа дейін 300 миллион доллар жалған ақша тәркілеп, 21 қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеген.