385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атамбаевты ұстау операциясы: қаза тапқан қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

  • 136
  • UPD: 15:56, 08.08.2019

Қырғызстанда арнайы жасақ қызметкерінің қаза табуы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жарақат алуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Бұрынғы президентті ұстау операциясы кезінде арнайы жасақтың үш қызметкері оқ жарақатын алған еді. Кейін олардың бірі ауруханада көз жұмды. Ал қалған екеуі ауыр жарақатпен жан сақтау бөлімінде жатыр. Аталған деректер Қылмыстық кодексінің бірыңғай реестріне тіркелген. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің өкілдері Алмазбек Атамбаевтың қылмыс әлемінің белсендісі саналатын Азиз Батукаевты заңсыз босатуға тікелей қатысы барын мәлімдеді. Бұл тергеу барысында анықталды. Бұған қоса, құқық қорғау органдарының қызметкерлері Атамбаевтан жауап алу үшін 3 мәрте шақырту да жіберген. Алайда бұрынғы президент оларды елемепті. Айта кетсек, қазіргі таңда Атамбаевқа қатысты тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы