386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлап, үш адам қаза тапты

  • 137
АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлап, үш адам қаза тапты

Beechcraft Bonanza жеке бір моторлы ұшақ Пенсильвания штатындағы Монтгомери округінде тұрғын үйлердің бірінің ауласына құлап, бортында болған үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға жергілікті уақытпен бейсенбі күні таңертең болған, деп мәлімдейді CBS телеарнасы АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасына (FAA) сілтеме жасап. Телеарна дерегі бойынша, ұшақ Филадельфияның солтүстік-шығысындағы әуежайдан ұшып, Огайо штатында Колумбус қаласындағы университетке бет алған.

Полиция өкілі Майк Мерфидің айтуынша, ұшақ бірнеше ағашқа соқтығысып барып құлаған. Келеңсіз жағдай кезінде тұрғындар зардап шекпеген, үйлер де зақымданбаған. Биліктің дерегі бойынша, ұшқыш ұшқаннан кейін ақау туралы хабарлаған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы