386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістан Үндістанмен теміржол қатынасын үзді

  • 145
  • UPD: 09:44, 09.08.2019

Пәкістан Үндістанмен арадағы темір жол қатынасын тоқтатып тастады. Мемлекет бұл қадамға Нью-Делидің шешімінен соң барып отыр.

Себебі Үндістан Джамму мен Кашмир штаттарын мәртебесінен айырған соң тараптар арасындағы жағдай ушыға түскен еді. Жұмысын тоқтатқан «Достық экспрессі» Лахордан Аттари арқылы Нью-Делиге аптасына екі мәрте жүретін жалғыз пойыз. Ол алғаш рет 1976 жылы 22 шілдеде жолға шыққан. Үндістан парламенті Джамму мен Кашмир штатының арнайы мәртебесін алып тастау туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Құжатты 366 депутат қолдап, 66 шенеунік қарсы дауыс берген. Енді шекарадағы даулы жер одақтық аймаққа айналды. Үнді тарапы бұл қадамын терроризммен күресу үшін және өңірдің экономикалық ахуалын нығайту үшін жасағанын алға тартады. Ал Пәкістан билігі болса, өз наразылығын білдіруде.

Хабар 24 телеарнасы