386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяның төл ақшасы бір жылда 13% құнсызданды

  • 135
  • UPD: 09:20, 09.08.2019
Кореяның төл ақшасы бір жылда 13% құнсызданды

Оңтүстік Кореяның валютасы бір жылда 13 процентке құнсызданды. Бүгінде доллардың бағамы 1 мың 214 вонаға жеткен.

Бұл соңғы 3 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Валютаның құнсыздануына Жапония үкіметінің Корея республикасын сенімді серіктестер тізімінен шығару шешімі әсер еткен. Сондай-ақ 1-шілдеде Токио шала өткізгіштер мен электрондық құрал-жабдықтар өндірісінде қолданылатын 3 химиялық компоненттің Кореяға жеткізілуіне шектеу салатынын мәлімдеген болатын. Бұл санкциялар және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тартысы Корея қор биржасының бас индексінің құлдырауына әкелген. Ол 3 процентке төмендеп, соңғы бір жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Осыған жауап ретінде Оңтүстік Корея үкіметі Жапонияны басым сауда серіктестері тізімнен шығаратынын жариялаған. Алайда бүгін ресми Сеул бұл бастамадан бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы