386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меккеге қажылыққа 2 млн жуық адам барды

  • 146
  • UPD: 14:18, 09.08.2019
Меккеге қажылыққа 2 млн жуық адам барды

Мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласына жыл сайынғы қажылыққа әлемнің түкпір түкпірінен 2 млн жуық адам келді. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, құлшылық ету үшін Сауд Арабияға табан тірегендердің ішінде Индонезия, Пәкістан, Үндістан, Алжир, Марокко, Бангладеш, Иран және  Түркия азаматтары бар. Қажылық тамыздың 14-іне дейін жалғасады. Еске салсақ, жыл сайын қажылыққа әлемнің екі миллионнан астам мұсылмандары барады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 2 млн 371 мың адамды құрады.

Хабар 24 телеарнасы