386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайға тайфун таяп қалды

  • 147
  • UPD: 14:36, 09.08.2019
Қытайға тайфун таяп қалды

Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметі Лекима тайфунының жақындауына байланысты дабылдың ең жоғарғы деңгейін жариялады.

Қазір тайфун Қытайдың Чжэ-цзян провинциясы жағалауынан 365 шақырым жерде. Синоптиктердің болжамына сай, ол сағатына 20 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа жылжып барады. Сөйтіп сенбі күні таңертең Чжэцзян провинциясының жағалауына желдің ең жоғары күші 16 баллмен жетеді. Осыдан кейін ол бірте-бірте әлсіреп, солтүстікке қарай бет алады. Синоптиктер циклон салдарынан Қытайдың оңтүстік-шығыс аудандарында қатты дауыл соғып, жаңбыр жауады деп ескертуде. Сондықтан кемелерге теңізден қайтып оралуға және тұрғындарға қауіпсіз жерлерде қалуға ұсыныс берді.

Хабар 24 телеарнасы