386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Huawei жаңа операциялық жүйесін таныстырды

  • 356
  • UPD: 21:54, 09.08.2019
Huawei жаңа операциялық жүйесін таныстырды

Huawei Harmony OS деп аталатын жаңа операциялық жүйесін таныстырды.

Тұсаукесер үш күнге созылған Huawei Developer 2019 конференциясы аясында өтті. Компания бұл қадамға АҚШ билігі салған санкциядан соң барып отыр. Естеріңізде болса, АҚШ Сауда министрлігі Huawei-ді қара тізімге енгізген еді. Ізінше 17 мамыр күні Гугл компанияны Андроид жүйесін жаңарту құқығынан айырады. Енді жаңа операциялық жүйе Huawei қолданушылары үшін Андроидтың орнын алмастырмақ. Harmony OS 1.0 микроядр негізінде жұмыс істеп, телефон, компьютер және техниканы ақылды үймен үйлестіруге мүмкіндік береді. Жылдың соңына дейін жаңа жүйе ақылды сағаттар мен ұялы телефондарда пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы