386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада 1,5 мың адам абортқа тыйым салуды талап етті

  • 105
Аргентинада 1,5 мың адам абортқа тыйым салуды талап етті argerusa.com

Буэнос-Айресте 1500-ге жуық адам қала көшелеріне шықты.

Олар жасанды түсікті заңдастыруға қарсы.

Қазіргі таңда Аргентина заңы бойынша тек зорлық-зомбылық көрген немесе ананың денсаулығына қауіп төнген жағдайда ғана аборт жасауға рұқсат беріледі.

Дегенмен аталған заң жобасының қолдайтындар да аз емес көрінеді. Олардың айтуынша, бұл заң астыртын аборттың жолын кеседі.

Айта кетсек, Аргентинада жыл сайын 350 мың заңсыз жасанды түсік жасалады екен. Ал халықаралық ұйымдар оның саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді.

Хабар 24 телеарнасы