386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Люксембургте алапат құйыннан 7 адам жарақат алды

  • 118
  • UPD: 11:47, 10.08.2019
Люксембургте алапат құйыннан 7 адам жарақат алды

Ұйытқыған құйын Бельгияға жақын Башараж бен Петанж қалаларының үстімен өтіп, екі шаһардың астаң-кестеңін шығарды.

Дүлей жел талдар мен бағаналарды құлатып, жүздеген үйдің шатырын ұшырып әкетті. Көптеген көлік бүлінген. Петанж қаласында бір сауда орталығының тас-талқаны шықты. Аймақта бірнеше тас жол мен Францияға апаратын теміржолдың бір тармағы жабылған.

Қазір құйын соғып өткен аудандарда табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы