386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда дүлей дауылдан 13 адам қаза тапты

  • 114
  • UPD: 15:29, 10.08.2019
Қытайда дүлей дауылдан 13 адам қаза тапты

Тағы 16 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел Чжэцзян провинциясына жетіп, көптеген елді мекенде сел жүрді. 2 миллионға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті билік аймақтағы 49 бөгеттегі су деңгейі қалыпты мөлшерден асып кеткенін айтады. Дауылдан сондай-ақ теміржол және кеме қозғалысы тоқтатылып, Шанхай және өзге де қалалардағы әуежайлардан жүздеген ұшақ рейсі кейінге шегерілген. Ал мамандар солтүстік-батысқа бет алған дауыл ертең Цзянсу провинциясына жетіп, оның күші әлсірейді деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы