385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда доллардың бағасы шарықтады

  • 186
  • UPD: 16:29, 10.08.2019
Өзбекстанда доллардың бағасы шарықтады

Өзбекстанда доллар бағамы өсіп барады. Өзбекстан Орталық банк 10 тамызда 1 АҚШ долларын 8882.00 сум деп белгіледі, деп хабарлайды ӨзА агенттігіге сілтеме берген ҚазАқпарат.

Өзбекстанның бас қаржы реттеушісі 2019 жылғы 10 тамызда 1 еуроның өзбек ұлттық валютасына шаққандағы бағамын 9928 сум 30 тиын, 1 Ресей рублі 136 сум 38 тиын деп белгіленді. Ал 1 фунт стерлинг - 10774 сум 75 тиын. Алайда кейбір банктерде долларды 8900 сум курсымен сатып жатыр. Мысалы, Өзбекстанның Ұлттық банкі шетел валютасын 8840 сумға сатып алып, сату бағасын 8900 сум деп белгілеген. Бірақ бұл кешегі дерек. Бейресми деректерге қарағанда жер-жердегі доллар бағамы 10 мың сумға жақындаған. Тәуелсіз dollaruz.net сайтының мәлімдеуінше, жер-жерде долларды 8930 сумнан сатып алып, 8980 сумнан сатып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы