386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияда полицей учаскесінің маңында жарылыс болды

  • 110
Данияда полицей учаскесінің маңында жарылыс болды

Дания астанасындағы полицей учаскесінің маңында жарылыс болды.

Полиция мәліметінше, жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Бірақ полиция учаскесінің ғимаратына зақым келтірген.

Ekstra Bladet газетіның хыбыралуынша, полиция жарылыс орнынан қашып бара жатқаны бейнебақылауға түсіп қалған ер адамға іздеу жариялады.

Айта кету керек, бұл Дания астанасында төрт күннің ішінде болған екінші жарылыс. Алғашқы жарылыс Копенгагеннің Эстербру ауданында орналасқан салық басқармасының кіреберісінде болған. Апат салдарынан бір адам жеңіл жарақат алды. Полиция екінші оқиға қасақана жасалған шабуыл деп отыр. Бұл екі жарылыстың бір-бірімен қаншалық байланысты екені әзірге белгісіз.


Хабар 24 телеарнасы