386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея қос зымыран ұшырды

  • 154
  • UPD: 19:11, 10.08.2019
Солтүстік Корея қос зымыран ұшырды

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы 2 зымыран ұшырды. Олар елдің солтүстік-шығысындағы Хамхын қаласынан атылды.

Оңтүстік Кореяның пайымдауынша, Пхеньян бұл жолы жақын қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген. Және де олардың АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуға наразылық ретінде ұшырылғанын айтады. Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні Солтүстік Корея басқарылатын тактикалық 2 зымыранды сынақтан өткізген еді. Олар Жапон теңізінде 450 шақырым жердегі нысанды атып түсірген. Ал сынақты бақылаған Ким Чен Ын бұл АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу-жаттығуына ескерту деп мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы